Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маскадағы жігіт қоқыста қызмет ететін жалғызбасты мүгедек әкенің қарызын жауып, үлкен пәтер сыйлады (ВИДЕО)

07:47, 06 қараша 2024 429

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық жасаудан кеңінен танылған маскадағы жігіт тағы бір жағдайы төмен отбасыға жылу сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Маскадағы жігіт бұл жолы әйелі жақында қатерлі ісіктен қаза болған, өзі де үшінші топтағы мүгедек, екі кәмелетке толмаған баласы бар, жалғызбасты әкеге пәтер сыйлады.

Өзі қоқыстарды жинап азық табады. Екі баласы да жұмыс істейді. Олар тігін тігеді.

Сондай-ақ, әйелінің еміне деп алған қарыздарын жауып, қасиетті Меккеге жолдама берді. 

Жалғызбасты әке маскадағы жігітке айтқан әңгімесінде әйелінсіз қиын екенін жеткізді.

”Әйелсіз үй - қараңғы. Мен оны қатты жақсы көргенімді енді түсіндім”,-деді ол көзіне жас алып.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?