Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәулен Әшімбаев дау тудырған «Бірақ...» бағдарламасы туралы пікірін айтты

13:09, 14 наурыз 2024 332

ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев күні кеше Хабар арнасында көпшіліктің наразылығына тап болған "Бірақ" бағдарламасы туралы пікірін айтты.

Әшімбаев алдағы уақытта мемлекеттік арналар мұндай олқылықтарға жол бермейді деп сенеді.

Осы ток-шоуды дұрыс ұйымдастыра алмаған каналда жұмыс істейтін қызметкерлерге де бір баға берілген шығар. Әрі қарай мемлекеттік каналдарда мұндай мәселелер, олқылықтар болмайды деп санаймыз.

Жалпы, бұл мәселеге байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз бағасын берді. Өйткені министрлік осындай мемлекеттік каналдармен жұмыс істеп отыр, жұмыстарын үйлестіріп отыр. Сондықтан тиісті баға берілді және бұл ток-шоу жабылды. Халықтың да пікірі ескерілді деп айтсақ орынды, - деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар, оның айтынша, агенттік басшылығы тарапынан тиісті шара қабылдану керек.

Бұл мәселені министрлік бақылауында ұстайды. Әрі қарай, "Хабар" телеарнасының ішінде де бұл мәселеге байланысты тиісті сараптамалар, шешімдер болады деп ойлаймын. Бұл әрі қарай журналистер енді басқа жобамен айналысыңдар деген шешім бола қоймайтын шығар. Өйткені агенттіктің басшылығы да, министрліктің басшылығы да осы мәселеге байланысты жауапкершілікті сезініп отыр. Сол себепті агенттік басшысы тарапынан тиісті шешім болады деп ойлаймын", - деді Мәулен Әшімбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар