Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Майқайың тұрғындары биліктен басқа жерге көшіруді талап етуде

14:37, 27 мамыр 2024 605

Павлодар облысы Майқайың кенті маңындағы "Шанхай" ауданының халқы өздерін көшіруді биліктен талап етіп отыр. Олар қаңтардың басында қаза тапқан құтқарушылар мінген автобус секілді өз үйлері де жер астында қала ма деп қорқады. Тұрғындар өтінішіне әлі күнге ешкімнен мардымды жауап болған жоқ деп жазады Alash.kz.

Қайғылы оқиғадан кейін Павлодар облысындағы Майқайың кенті бүкіл елге танылды дейді Азаттық радиосы. Қаңтар айының басында Майқайыңда алтын өндіретін шахтаның тазарту кеңістігі орналасқан жер опырылып, салдарынан төрт адам қаза тапқан-ды.

Қазір өндіріс тоқтап тұр. Әйтсе де жер қойнауын пайдаланушы "Майқайың алтын" компаниясы жұмысты қайта жандандыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтады.

Майқайыңның жұмысы шахтаға толық тәуелді. Бірақ кент халқының көбі жұмысты қайта жандандыруы мүмкін деп қорқып отыр.

Әсіресе кентке жақын тұратын адамдардың уайымы қатты. Өйткені тура солардың үйлеріне жақын маңда топырақ опырылған. Адамдар республикалық кәсіби әскери апаттық-құтқару қызметінің құтқарушылары сияқты тірідей опат боламыз ба деп қорқады. Құтқарушылар мінген автобус 4 қаңтарға қараған түні бос кеңістікке құлап кеткен еді.

Алтынның үстінде отырса да, кенттің жағдайы тым мүшкіл. Кенттің ескі бөлігі – "Шанхай" ауданы қаңтарда опырылған тұстан небәрі 500 метр жерде орналасқан.

"Шанхайдағы" иесіз қалған кейбір үйлер қирап, қаңырап тұр. Бірақ ауданда әлі де адам көп тұрады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар