Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Фазендада 5 жыл құлдықта ұстады". Журналист құлдық қамытын киген әйелдің жұмбақ тағдыры жайлы баяндады

10:50, 25 мамыр 2024 1442

"Дау-дамайсыз" бағдарламасының жүргізушісі Гүлмира Әбіқай ел естімеген сұмдықты айтып, қалың оқырманына құлдыққа түскен жанның тағдыры жайлы баяндады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Журналист Гүлмира Әбіқай елге қол ұшын беріп, әлеуметтік желіде қоғамдағы проблемалар, адамдардың қилы тағдырына қатысты блог жүргізеді. Бұл жолы журналист өз оқырманынан тосын хабарлама алғанын айтты. Хабарламада құлдықта жүрген әйелдің тағдыры баяндалады: 

"Фотодағы әйелдің есімі - Әйгерім. Өзі: “фазендадан құлдықтан қашып шықтым, 5 жыл жүрдім. Жетісу облысынанмын, 87-ші жылғымын. Әкем Қайрат, Аидана деген әпкем бар”,- деген. Таңғы сауыннан соң сағат 5-терде шыққаннан ертеңіне кешкі 5-те Алматы облысындағы саяжайдың шеткі үйіне келіп тоқтапты. Айман есімді оқырманым бейтаныс әйелдің сөзіне әрі сеніп, әрі шошып “полиция шақырайын” деп еді, ол селк ете түсіпті. Ол: "су беріңізші!",- деген. Үйден су әкеліп шыққанша, құлдықтағы әйел із-түзсіз жоғалған.
Үйде жалғыз өзім кішкентай балалармен отырған соң, кіргізіп тамақ беруге бір шетінен қорықтым деп ағынан жарылды оқырманым. Жөні-сөзі түзу, тек әбден қажыған, шалбары мен аяқ киімі әбден балшық екен.
Бәлкім, менің полиция шақырайын дегенімді естіп қайта апарып тастай ма деп шошыған сияқты деп қорытты сөзін Айман. Әйгерім аман-есен үйіне жетті ма екен деген ой мазалайды",-деп жазды.

Кейіннен журналист Жетісу және Алматы облысы полиция департаменттеріне жүгініп, көмек сұрады. Бұл мәселеге бей-жай қарамауларын өтінді. Оқырмандар жағы да құлиеленеушіліктің әлі де жойылмағанын, адамды басыбайлы ретінде тұрмысқа жегудің қисынсыздығын айтып, наразылық танытып жатыр. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар