Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

3,7 млрд теңге: Ұлытауда заңсыз сатып алу шарттары жасалмақ болған

11:22, 27 мамыр 2024 413

Ұлытау облысының прокуратурасы ағымдағы жылдың басынан жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрайтын 12 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, деп жазады Alash.kz сайты. 

Талдау нәтижелері көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдар конкурстарды жариялау кезінде тиісті сараптамалар жүргізбеген, жобалық-сметалық құжаттамалар болмаған және әлеуетті жеткізушілердің жағдайын нашарлататын талаптар көздеген.

Мысалы, Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі 1,9 млрд теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған деп жазды inbusiness.kz.

Бұл ретте тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада заңда көзделмеген біліктілік талаптарын негізсіз қойған (мемлекеттік сатып алу нысанасына жатпайтын заңнаманы сақтау бөлігінде).

Сонымен қатар тапсырыс беруші бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, 3 жыл мерзімге қала жолдарын күтіп ұстау туралы келісім шарт жасасуды жоспарлаған.

Алайда, мұндай жұмыстар мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар тізіміне кірмейді.

Басқа жағдайда, Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық психикалық денсаулық орталығы науқастарды тамақтандыру қызметін сатып алу кезінде қаржыны 17,2 млн теңгеге негізсіз жоғарылатқан.

Қадағалау қызметінің бұл бағыты Ұлытау облысы прокуратурасының үнемі ерекше бақылауында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?