Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мектеп жағдайды жасырып баққан". Әлімжеттіктен қаза тапқан оқушыға қатысты тағы бір дерек айтылды

19:31, 18 мамыр 2024 487

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,Құмжота аулындағы оқушының мектептегі әлімжеттік кесірінен қаза тапқаны хабарланды. Оқушы он төрт жаста болған. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы Orda.kz-ке сүйене отырып хабарлайды. 

Қайтыс болған баланың туыстарының айтуынша,үй маңындағы әжетханада тоғызыншы сынып оқушылары өзінен кіші баланы ұрып кеткен. Сегізінші сынып оқушысы кеуде тұсынан бірнеше рет соққы алып, есінен танған. Оқушы оқиға орнында көз жұмған.

Кейіннен мектеп әкімшілігінің қылмысты жасыруға тырысқаны да айтылды. 

"Жас Алаш" басылымының хабарлауынша, медициналық сараптамадан өткізу үшін эксперттер баланы алып кеткен. Кейіннен көңіл айтуға келген мектеп директоры, оның орынбасары, мұғалімдерден Раушан Құдасова «Мирасқа не болды?» деп қайтадан сұраған. Мектеп әкімшілігі бірауыздан «дәретханаға барып қайтыс болды» деген сөзінен танбаған. Мирастың ата-анасы олардың сөзіне бір күн бойы сеніп жүрген.

«Кешке қарай үйдегі інілерім әлімжеттік болғаны туралы айтып келді. Үлкен сыныптың балалары ұлымды ұрып өлтіріп отыр. Сотта ұрған бала «бір рет ұрдым құламады, екінші рет ұрғанда құлады. Маған «ұр» деді ұрдым» деп мойындап тұр. Бізде 8 класта 4 сынып бар. Мирасты ұратын күні әр сыныптан 4 оқушыдан жинап әжетханаға апарған. Мұғалімдері оқушыларды іздемеген. Мирас әжетханада құлап қалғанда, оны әжетханаға келген мұғалім тауып алған. Директор оқушыларды «тіс жармаңдар» деп кешке дейін кабинетінде ұстап отырған», - дейді Раушан Құдасова.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

"Оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды", - делінген полиция хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар