Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев абайсызда кісі өлтірді, оған 8-12 жыл беру керек - АДВОКАТ

16:06, 16 мамыр 2024 432

Бишімбаевтың мүддесін қорғаған адвокаттардың бірі Ерлан Ғазымжанов сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді. 

Апелляцияға береміз, үкімге шағымдануға ниеттіміз. Қорғау тарапының пікірінше, судья өрескел процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берді, - дейді адвокат.

Айғақтар жеткіліксіз деген адвокат көрсетілген дәлелдерге сенім аз екенін айтты. 

Қорғаушы тарап Бишімбаевты қинау бабы бойынша айғақтардың жоқтығына байланысты ақтап, адам өлтіргені үшін емес, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп тану керек еді деп есептейді. Бұл бап (Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі) 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Осылайша, заң бойынша Бишімбаев осы шекте жазалануы керек, - деп есептейді адвокат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар