Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мемлекеттік органдарда артық басшы көп» – Салауат Мүксімов

09:55, 02 ақпан 2024 371
Министрліктер мен мемлекеттік органдарда басшылар көп. Ал бұл қызметкерлерді ынталандыруға, жүкмемені азайтуға, басқару жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Былтыр агенттік 4 салаға ауқымды талдау жүргізген. Олар: Сауда және интеграция, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар министрліктері. Талдау нәтижесінде 70-тен аса функцияны бөлу керектігін анықталған.
«Бюрократияның бірінші белгісі – басқару құрылымы мен штат санының жеткіліксіздігі және артық болуы. Бұл – көбіне мемлекеттік органдарда басшы лауазымдар санының артық болу дерегі. Ол басшы құрамға жүктемені азайтуға, басқарудың тиімділігі мен жеделдігін төмендетуге, жауапкершіліктен жалтаруға, қаржылық мүмкіндікті азайтып, қызметкерлерді ынталандыруға мүмкіндік бермейді. Мысалы, Экология және табиғи ресурстар министрлігінде орталық аппаратының штат саны – 122. Оның ішінде 61 лауазымды басшы және сонша орындаушы бар, яғни басқарушы және орындаушы буынның арақатынасы: бірге – бір. Сонымен қатар осы министрліктің құрылымында жеке департамент бар. Онда басқарушы және орындаушы буынның арақатынасы – 4/1-ге тең. Демек, 4 басшы және 1 орындаушы бар деген сөз. Нақты айтсақ, біз директор, директордың орынбасары, 2 бөлім басшысы және 1 бас сарапшы туралы айтып отырмыз», – деді Салауат Мүксімов.

Фото: parlam.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар