Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекеттік тілді мазаққа айналдырмақ болған бапкер Станислав Черчесовқа шара қолданылатыны хабарланды

12:00, 16 қазан 2024 427
Мемлекеттік тілді мұқатқанын кірме бапкер Станислав Черчесовқа шара қолданылатыны хабарланды, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы. 
 
Бұл жайлы белгілі спорт журналисі, туған тіл жанашыры Аслан Қаженов мәлімдеп, былай деп жазды:
 
Жанайқайымыз министрлікке жетті...
 
Жаңа ғана еліміздегі спортқа жауапты ведмоство Станислав Черчесовтың мемлекеттік тілді мұқатқанын сынға алып, түсініктеме беруді талап етті. «Министрлік бұл жағдайға бей-жай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдады. Ол жерде мемлекеттік тілдің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Тіл туралы» Заңына сәйкес жоғары тұратыны және оған барлық азаматтың құрмет көрсетуі керектігі айтылған. Сонымен қатар федерациядан осы оқиғаға түсініктеме беру және Станислав Черчесовпен мемлекеттік тілге құрмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілді» - делінген.
 
«Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін федерация тарапынан тиісті шаралар қолданылуы керек деп санаймыз. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы Министрлікке бағынысты ұйым емес екенін, тиісінше оның ішкі мәселелеріне араласа алмайтынын, дегенмен Қазақстандағы спорт саясатын қалыптастырып, жүргізетін ведомство болғандықтан, түсініктеме талап етуге құқылы екенін қаперге саламыз. Осы жазба арқылы еліміздегі өзге федерацияларды да мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға және оларға қатысты орынсыз қалжыңның алдын алуға шақырамыз» - делінген министрлік таратқан жазбада… 
Естеріңізде болса, Словения мен Қазақстан құрамасы арасындағы матчтан кейін журналистердің бірі бас бапкерге қазақ тілінде сұрақ қойған еді. Ал бапкер оның сұрағын келемеждеп жауап қатты.
 
Бұл жайлы депутат Мұрат Әбенов:
 
- Черчесов Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметсіздік көрсетті. Жаңа Спорт Министірі байқамаған болып, үндемей жүре бере ме? - деп жазған еді. 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?