Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен неге күйінемін?": Қайрат Нұртастың анасы кітап жазатынын айтты

12:50, 15 шілде 2024 799
 
Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың анасы, продюсері тосын жаңалықты жария етті, деп хабарлайды Alash.KZ.

“Тас түскен жеріне ауыр. Иә, Аллаға шүкір ең бастысы балам аман, шүкір, шүкір! Менің өмірімнің бір бөлшегі сырым мен мұңымды, қуанышымды күнделікті бөлісіп отыратын өздеріңізсіздер. Бірақ басқа парақшалардың админдарына таңым бар, түрлі суретіңді қойып өздеріне салып, хайп жасап подписчик көбейту үшін білгендерін жасап отырған, ол аздай өз адамдары астына коммент жазып, ойдан өсек құрап елді шулатып…не болып барамыз, соған сеніп ары қарай өсек өрбітетін қаншама адамдар бар. Бірігудің орнына бір-біріміздің етімізді жеп, мазақ еткенде “Сенде тұрсың, менде тұрмын кезекте” демекші, түсініп жақсылық тілеушілер жетерлік шүкір, ал күнделікті өсектеп, жығылдың ба деген мысқыл қуанышымен бөлісе алмай күндес тұтқандар, Алланың шеберлігін ұмытпасаңыздар екен!”, – деп жазды продюсер. 

Сонымен қатар “Балаң кінәлі болса, жазасын өтесін” деген оқырманына жауап берді дейді inbusiness.kz.

“Ол жағын басыңызға түспей білмейсіз, сол себепті кінәлі деуіңіз тым артық. Қайрат алды болып ешкімге тиіспейтін, көңілшек екенін көргендердің бәрі біледі. Мен неге күйінемін, бекер емес. Әттеген-ай көп нәрсені айта алмаймын. Мүмкін кітап етіп бар шындықты жазармын”, – деді Гүлзира Үсенқызы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар