Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен оны қорлап, кек қайтарғым келді". Бишімбаев неліктен Нүкенованы бейнежазбаға түсіргенін айтты

17:57, 24 сәуір 2024 389

Бишімбаев өзінің қорланғанын, Нүкенованың оны қалай "азаптағаны" жайлы және кек қайтармақ болғаны туралы хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Мен оны тұқыртып, қорлағым келді" деді Бишімбаев:

"Мен қанша қорлау естідім. Мені де түсініңіз, егер әйеліңіз көйлек-көншегін жыртып, мас күйінде VIP-те жүрсе, сіз берген әшекейлерді лақтырып жіберсе, бұл дұрыс құрылған қарым-қатынас бола ма?", - деді Бишімбаев.

Адвокат Дамир Ишмаметов Бишімбаевтен "Неліктен оны белгілі бір еркекпен жыныстық қатынаста болды деген сөзді айтуға мәжбүрлейсіз?" - деп сұрады. 

"Мен оны қорлап, балағаттағым келді. Бұл туралы ол тойдан кейін айтты. Міне, мен де одан кек алғым келеді. 6,5 сағат бойы психологиялық тұрғыда мені қинады, қинады, ойына келгенін істеп, осы күйге жеткізді", - деді Бишімбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар