Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен зейнетақы да, жалақы да аламын". Экология министрі зейнетақы да, жалақы да алатынын айтып, Отанына пайда әкелуді көздейтінін хабарлады

13:50, 18 қыркүйек 2024 675
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жалақы да, зейнетақы алатынын хабарлады, деп жазды  Alash.kz ұлттық порталы.

Министр биыл 63 жасқа толғанын атап өтті. Зейнетақысы – шамамен 160 мың теңге.
 
“Иә, мен зейнетақы да, жалақы да аламын. Мемлекет басшысы өкілетімді ұзартты. Бұл маған жауапкершілік жүктейді. Мен жұмыс істеп, Отаныма пайда әкелуге тырысамын. Өйткені, менде жеткілікті тәжірибе жинақталған. Уақыт өте әрқайсыңыз өмірде және жұмыста жинаған тәжірибе құнды екенін түсінесіздер”, - деді Нысанбаев.

Оның пікірінше, ересектердің де жұмыс істеуге құқы барын ескеру керек.

Ашық дереккөздегі мәліметке сүйенсек, Ерлан Нұрәліұлы Нысанбаев 1961 жылы 11 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.
Показать перевод
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар