Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мені жемқор деп қаралату үшін де арнайы ақша бөлінді - Елжан Біртанов бар шындықты баяндады

14:33, 23 қазан 2024 2712

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов Qazaq Airan-ға берген сұхбатында бар шындығымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Біртанов өзіне тағылған айыптардың барлығы жалған екенін, жемқор адам деп қаралаған адамдарға өзінің шындығын айтты.

"Денсаулық сақтау бұрынғы министрі ретінде менің өзімнің жауапкершілігім бар. Қозғалған қылмыстық істің сот процесі ашық өтті. Журналистер келіп қатысты. Сол кезде мен бірнеше рет өз позициямды жеткізген болатынмын. "Мен Денсаулық сақтау экс-министрі ретіне өз жауапкершілігімді толық сеземін, қашпаймын, дайынмын. Мен министр ретінде қандай да бір шешімді дұрыс қабылдамасам және бұл тергеу барысында дәлелденсе, мен оны монындауға дайынмын. Бірақ бұл факт дәлелденуі керек.

Қай жерден, қандай қате кеткенін көрсетіңіздер" дедім. Сот барысында жемқорлық бойынша зерттеу жүргізілді. Қазақстан азаматы ретінде Конституцияда көрсетілген өзімді қорғауға құқығым бар, бірақ сол кезде де маған "Елжан ешқандай жемқорлық жоқ, бірақ команда берілген. Себебі коронавирус кезінде өлім көп болды, халық мемлекеттен көп дүние күтті, көмек алмады" деп түсіндірді. Мен оны түсінемін, сол кезде де айттым, бұған қатысты Президентке де хат жолдадым. Әрине, мен министр ретінде, мемлекеттік қызметкер ретінде халық күткен нәтижеге қол жеткізе алмағаным үшін жауапкершілігім бар. Мен оны түсінемін және мойындаймын. Ал мен ғана кінәлі, мен жемқормын дегенді ешқашан да мойындамаймын", - деді ол.

Өзін қаралау процесі үшін де біреулерге қаражат төленгенін айтты.

"Мені қамауға алғанда әлеуметтік желіде "Біртанов жемқор" деген тақырыппен түрлі-түрлі жаңалық, видео шығыпты. Мен оны түрмеде отырғаннан кейін көрмедім, шыққаннан кейін де мүмкіндік болмады. Бірақ уақыт өткеннен кейін көрдім. Негізі мұндай ақпараттың бәрін журналистерге бір адам берді ғой. Бірақ бұл дәлелденген жоқ. Қозғалған 11 қылмыстық істің біреуінде болсын жемқорлық табылды ма? Алайда сондай ақпарат таратылды. Мұны біреу арнайы таратты, оған ақша бөлінді. Себебі маған көп журналист жазды, олардың айтуынша, сот кезінде мен туралы теріс ақпарат тарат деген тапсырыс келіп түскен, ал олар экс-министрді жақсы білетінін, олай жасамайтынын айтып бас тартқан. Осындай да жағдайлар болды", - деді экс-министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар