Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мені шығарып жіберді: Мектепте қаза тапқан оқушының ісі неге жабық түрде өтті?

15:45, 22 тамыз 2024 534

Ақтөбедегі спорт мектебінде қаза тапқан оқушының соты жабық түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Nur.kz сайтының мәлімдемесі бойынша,  Есет батыр атындағы олимпиада резерві облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі 8 сынып оқушысының өліміне қатысты сот ісі жабық түрде қаралып жатыр. Судья сот залынан БАҚ өкілдері мен екі жақтың туыстарын шығарды.

Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотта Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3 бөлігі бойынша М., Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі, 106-бабы 3 бөлігі бойынша А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Судья Ержан Құрманов алдымен істі жабық не ашық талқылауда қарау мәселесін көтерді.

Прокурор мен жәбірленуші тарап істің ашық қаралуын қолдады. Айыпталушы тарап Қылмыстық процестік кодекстің 542-бабы, яғни, "Сотта кәмелетке толмаған адамға қатысты істі қарау ерекшеліктері" бабы бар. Онда қорғаушы, жәбірленушінің өкілдері ғана қатыса алады деген уәжді алға тартып істі жабық өткізуді сұрады.

Сот залынан шығарылған марқұм Әбубәкір Бексұлтанның анасы БАҚ өкілдеріне наразылығын айтты.

"Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот деп жабық өткізіп жатыр. Әкесі ғана іште қалып, мені шығарып жіберді. Мен бұған қарсымын. Өйткені резонанс болды. Бүкіл ел біледі. Оның несін жасырып отыр? Елдің бәрі біледі. Мұғалім, директор ешкімді жазалаған жоқ. Тек екі баланы сотқа әкелді. Қалған 5 бала қайда? Мектеп, басқарма қайда қарап отыр? Сонда мектепке баланы жібереміз де, сап-сау баланы өлі қылып аламыз ба? Мұғалімдер, бапкерлер, директор, басқарма басшысы бәрі жазалануға тиіс. Мектеп білім беретін орта емес пе? Екінші отанымыз мектеп дейміз.. Қайда мектеп басшысы, ол да жауапқа тартылсын. Балам мектеп қабырғасында өлді. Есет батыр мектебі менің өміріме, баламның тағдырына қасірет әкеліп тұр. Үшінші күні де ұрған. Ақтауға жол жүріп бара жатқанда кездестім. Сол кезде балам маған қарай алмады. Сол кезде бір ауыз сөз айтқанда қалдырмайтын едім", - деді көз жасын тоқтата алмаған анасы Зоя Базарбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар