Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Міне осы кісінің арқасында: Баян Алагөзованың қалай ана атанғаны белгілі болды (ФОТО)

14:31, 15 қыркүйек 2024 1276

Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова ЭКҰ (экстракорпоралды ұрықтандыру) арқылы ана атанған, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы танымал продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Міне, Салтанат Берденқызы. Ол бүгін төрде отыр, өйткені осы кісінің арқасында бізде қазір Алиса мен Айым бар. Ол анам мен Тұрсын ағаның арманын жүзеге асыруға көмектесті. Қазақстандағы ЭКҰ бойынша бас дәрігер", - деді ол.

Айта кетейік, Салтанат Берденқызы - қазақстандық репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар