Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министр Ермек Маржықпаев бокс федерациясын қатаң сынға алды

12:39, 28 тамыз 2024 664
 

Боксшылардың Олимпиада алдындағы дайындығы дұрыс болмаған. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж олимпиадасының қорытындысына арналған алқа отырысында айтты, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы 1bol.kz порталына сілтеп.

«Қазақстан құрамасының боксшылары физикалық тұрғыда да, моральдық тұрғыда да дайын болған жоқ. Қамшыбек Қоңқабаевтың өзі Олимпиада ойындарының алдында 10 айда небәрі бір жарым кездесу өткізді. Ел чемпионатында бокстасатын адам жоқ. Нәтижелерге федерациялар жауапты. Министрлік қаржыландыруға жауап береді», - Ермек Маржықпаев. 

Ведомство басшысы еліміздің барлық қаласында бокс турнирлерін ұйымдастыруды қайта қолға алуды тапсырды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Қазақстан бокстан бір күміс, бір қола медальмен шектелді. Ерлер арасында Нұрбек Оралбай 80 келіде күміс медаль алса, қыздардан Назым Қызайбай 50 келіде қола жүлдеге ие болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар