Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министр Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

20:09, 18 желтоқсан 2022 272


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналист Facebook-тегі парақшасында  Михаил Козачковтың ұсталуына байланысты пікір білдірді. 



«Әріптесіміз Михаил Козачковқа қатысты жағдайдан ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты арқылы хабардар болдық.



Жағдай министрліктің жіті қадағалауында.



Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, бұған қатысты қандай да бір пікір айтып, баға беруге ерте. Дегенмен ол объективті жүреді деп сенеміз», – деп жазды министр.



Бұған дейін журналист Михаил Козачковты ұсталғаны хабарланған еді. Қаржы мониторинг агенттігі таратқан хабарламада журналистің «Болат Назарбаевтың көмекшісімен байланысты қылмыстық топқа рейдерлік жасауына көмектесті» деген күдікке ілінгені жазылған.



«Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымы тінтудің адвокатсыз жүріп жатқанына алаңдаушылық білдірді. 



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?