Қазақстандағы наразылық жағдайында ірі компаниялардағы жалақы мәселесіне қатысты есеп берілді. Бұл туралы үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді
«Өндіріс қызметкерлерінің жалақысын арттыру шаралары қабылданды: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап
- «ҚазМұнайГаз» – 10%-ға,
- QazaqGaz – 24%-ға,
- ҚТЖ – 20%-дан 35%-ға,
- «Самұрық-Энерго» – 10%-дан 32%-ға,
- Қазатомөнеркәсіп – 10%-дан 20%-ға дейін.
2022 жылдың 1 ақпанынан бастап
- «Қазпошта» – 7%-дан 25%-ға,
- «Эйр Астана» – 14%-дан 58%-ға,
- KEGOC – 15%-ға,
- Қазақтелеком – 9%-дан 50%-ға дейін көтеріледі» деді Сарбасов үкімет отырысында.
Ол басшы әкімшілік-өндірістік персоналдың еңбекақысы деңгейіндегі айырмашылықты барынша азайтуға баса назар аударылды деп сендірді.