«Ешқандай ереуіл болмайды»: Талғарда қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің әкесі мен Айтбек Амангелді мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.KZ.
«Біз Шерзаттың әкесі Қаржаубай екеуміз 14 қазан күні ешқандай митингіге шығудың қажеті жоқтығын айтқымыз келеді. Митинг болмайды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Экспертизалар жасалады. Бұл ереуіл тергеу амалдарына кері әсер етуі мүмкін. Бұл пайдасыз әрекет», — деді Айтбек Амангелді.