Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мұхтар Ербаян пневмония мен гаймориттің кесірінен осындай күйге душар болды – Қайрат Үмбетов

17:42, 12 қыркүйек 2024 440

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов жағдайы мүшкіл жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты ақпарат айтты, деп хабарлайды Alash.KZ  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында баяндады.

"Мұхтар Ербаянға қатысты айтсам. Ол Ұлттық ұлан қатарында қызметін атқару кезінде түнгі сағат 02:00-де ұйықысынан тұрып, жығылып қалып, жарақат алған. Жарақат алғаннан кейінгі қазіргі ахуалы құлағанның салдары емес. Солдат емделу кезінде инфекциялық ауруға душар болған. Өкінішке қарай, емделу кезінде оның өкпесін пневмония басқан, қосымша ірің аққан гайморит жұқтырған. Дәрігерлер кеңесе отырып оған ота жасаған соң осындай жағдайға душар болып отыр", - деді ол.

Әскери қызметші сүйек-ми жарақатын алған. Ербаян Мұхтар өткен жылдың желтоқсан айында комаға түскен болатын. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда, туыстары бұл нұсқаны қабылдамады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар