Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мұндай хабарламаға жауап бермеуіңізді сұраймыз": Досаев Халық әртісін неге "алдап" жүр?

16:34, 21 шілде 2024 1108

Қазақстандықтар Алматы әкімі Ерболат Досаевтан хабарлама ала бастады. Бұған қатысты қала әкімдігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Alash.KZ.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, WhatsApp мессенджерінде әкім Ерболат Досаевтың атынан жалған хабарламалар жіберіліп жатыр.

"WhatsApp мессенджердегі жалған хабарламаның тарауына байланысты Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан келген мұндай хабарламаға жауап бермеуіңізді және сенбеуіңізді сұраймыз. Күмәнді сілтемелерге кірмеген және ақша аудармаған жөн. Бұл сіздің қаржыңызды заңсыз жолмен алу мақсатында жасап отырған интернет-алаяқтардың тірлігі", - делінген хабарламада.

Бұған дейін "Ерболат Досаевпен" алмасқан хатын әнші Мақпал Жүнісова жариялаған болатын. "Әкім" сәлемдесіп, суретшінің жағдайын сұрады.

Айта кетейік, Қазақстанда алаяқтар шенеуніктердің атын жамылып немесе мемлекеттік органдардың атынан қазақстандықтарға хат жаза бастады. Әдетте, олар белгілі бір соманы қарызға беруді сұрайды немесе фишингтік сілтемелер жібереді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар