Италия жұртшылығы әлеуметтік желіде мүсінші Джамболоньаның қола құдайы Бахус мүсінімен жақын қарым-қатынасқа "түскен" туристтің суретіне наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл мүсін XVI ғасырдың түпнұсқасы емес, оның көшірмесі. Түпнұсқасы Баргелло мұражайында сақталған.
"Флоренцияға қош келдіңіз" Instagram аккаунтында пайда болған фотосуреттерде жас қыздың қола құдайды ернінен сүйіп, оғаш қылықтарды жасап жатқанын аңғара аласыз.
Оқырмандар қызды тез арада тауып, қамауға алуды талап етті.