Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді Талғардағы төбелесте қаза тапқан жасөспірімнің отбасына тегін адвокаттар беруді ұйымдастырып берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
“Біз отбасыға тегін қызмет көрсетуге келіскен үш адвокатты ұсындық. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, адвокаттар құқық қорғау органдарымен бірге зардап шеккендерден сұрақ-жауап алуда. Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жанжал кезінде жігіттің әкесі мен ағасы да зардап шеккен”, – деді Амангелді.
Отбасына Асқар Қаймақов, Карина Көшербаева және Марал Жайлаубаева есімді адвокаттар көмек көрсетуде. Іске құқық қорғаушы Саида Тәуекелова да қосылды. Ол оқиғаның куәгерлерін құқық қорғау органдарымен ынтымақтастыққа шақырды.
4 қазан күні Талғарда төбелес болып, соның салдарынан 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қайтыс болды. Тағы екі адам ауыр жарақат алды. Бүгінгі күнге дейін жеті адам қамауға алынды.