Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Навальныйдың анасын мәйітханаға кіргізбей қойды

10:18, 19 ақпан 2024 362
Түрмеде өлген Ресей оппозиционері Алексей Навальныйдың анасы мен адвокаттарын Ресейдің Ямал-Ненец автоном округінің Салехард қаласындағы мәйітханаға кіргізбеген, деп хабарлайды alash.kz Азаттық радиосына сілтеп.

Бұл жөнінде Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш хабарлады.
«Таңертең ерте Алексейдің анасы мен адвокаттары мәйітханаға барды. Бірақ оларды кіргізбеді. Адвокаттардың бірін итеріп шығарған. Алексейдің денесі сонда ма, жоқ па деген сұраққа да жауап бермеген», – деп жазды Ярмыш.

Оның сөзінше, Ресейдің тергеу комитеті «Навальный өлімін тексеру ісі ұзартылған. Қашанға дейін созылары белгісіз. Өлім себебі әзірге анықталған жоқ» деп жауап берген. Сот-медициналық сараптамаға сілтеген «Агентство» басылымы «адамның өлгені туралы қорытындыны» мәйіт тексерілген соң бір ай ішінде береді, егер оба, тырысқақ секілді жұқпалы ауру табылса, мәйіт туыстарына берілмеуі де мүмкін» деп жазды.

Бұған дейін «Медиазона» Алексей Навальныйдың денесін 17 ақпанда түнде Салехардқа апаруы мүмкін кортеж бен полиция көліктерін камера арқылы көргенін хабарлаған.

Алексей Навальный 16 ақпанда «түрме ішіндегі серуеннен» соң қайтыс болғаны хабарланды. Мәйіті туыстарына әлі күнге берілмеген. Колония Навальныйдың денесін Салехард мәйітханасына әкеткенін айтқан. Ондағы мәйітхананың бірі «мәйіт бізде жоқ» деп жауап берген, тағы бірі жауап беруден бас тартқан.

Фото: instagram.com/navalny
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар