Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаевтың орнына Мациевский: Қоғам белсендісі Қазақстан мен Украина қарым-қатынасын жақсартура туралы ұсынысын айтты

17:56, 27 маусым 2024 629
Қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынов Алматыдағы Тұңғыш президент паркіне қойылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішіне демонтаж жасап, оның орнына Ресей мен Украина қақтығысында опат болған Украина батыры АЛЕКСАНДР МАЦИЕВСКИЙ-ге ескерткіш-мүсін орнату туралы өзінің парақшасында бастама көтеді, деп хабарлайды Alash.kz.
 
Автордың айтуынша, соңғы уақытта Украина мен Қазақстан арасындағы достық пен қарым-қатынас суып, сызат түскен. Бұған Швейцариядағы бейбітшілік саммитке қатыса алмаған ҚР билігі мен белгілі оппозиционер-журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандық себеп болып отыр дегенді алға тартыпты.
 
Қоғам белсендісінің айтуынша, қазақ халқы Украинаның өз жерін басқыншылардан түгел қайтарып алудағы ұлт-азаттық жанқиярлық ерлігін толық қолдайды және қолынан келгенше көмегін де беріп жатыр. 
 
Автор бұған дейін Атырау әкімдігінен Украинаның ұлт батыры АЛЕКСАНДР МАЦИЕВСКИЙ-ге арнап көше атын беру туралы өтініш жазған, бірақ жергілікті әкімдік белсендінің ұсынысын қабылдамапты. Ендігі үміті Алматы әкімдігінде көрінеді. 
 
"Егер Алматы әкімдігі рұқсат берсе,жалғыз пәтерімді сатсам да, АЛЕКСАНДР МАЦИЕВСКИЙ-ГЕ өз қаражатыма ескерткіш-мүсін орнатамын деп шештім" дейді, "Демос" ҚБ төрағасы.
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?