Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Некесіз туған қызына: Мен оның жағдайын жасауға міндетті емеспін - БЛОГЕР

19:52, 25 сәуір 2024 891

Блогер Дархан Жолшыбаевтың некесіз туған қызы бар екені анықталды.Бұл туралы "Көреміз" бағдарламасы баяндады.

Бағдарламаға бұрыңғы ғашығы келіп, мән-жайды айтты.

“Қазір қызымды емдетіп жатырмын. Азғантай болса да, өсу бар. Сөздерді түсінеді. Кейде емін үзіп аламын. Бір логопед маманға 250 мыңдай ақша кетеді. Оны менің қалтам көтермейді. Алғашқы сот отырысына да, бағдарламадан кейін де өзі немесе жақындары хабарласқан жоқ. Мен құжат бойынша биологиялық қызы екенін дәлелдеп отырмын. Әрі қарай да қызымның еміне қаражат беруін сұраймын. Бір жыл мектептен қалып қойдық. Мені жұрт ақша керек, дүниесіне қызығып отыр деп, сөгіп жатыр. Қызымның еміне ғана ақша сұраймын. Осы күнге дейін тіс жармадым. Өйткені әкем шахтада істегесін, бізді асырады. Бірақ қазір ол жұмыстан шығып қалды. Осы күнге дейін Дарханның ақшасы керек емес деп рұқсат бермей жүрді. Кейін қаражаттан қиналғанда Дарханның өзіне жаздым. Сол күні оқып, мені блокқа тығып тастады. Тіпті, мен қызбен Алматыға барайын, жолығайық дедім. Жауап бермеді. Содан осылай бағдарлама арқылы шығуыма тура келді”, – дейді жас ана.

Табысты блогерлердің көшін бастап тұрған Дархан Жолшыбеков ресми түрде небәрі 150 мың теңге жалақы алатын жеке кәсіпкердің компаниясында тіркеліп тұр екен. Компания директоры қызметкерінің жауапты екенін айтып мақтады.

“Жұмысқа жауапты адам. 75 мың айлығы бар. Бірақ соңғы кезде 150 мың теңгеге көтердік. Түнде хабарлассаң да, жауап беріп отырады. Бірақ офиске келіп, онымен жолыға алмайсыздар. Ол онлайн істейді”, – деді  Баян Қарабекова.

Блогердің сауда-саттықты үйрететін онлайн курсы бар. Құны – 25 мың теңге. 7 мың адам қатысып, бір сәтте 4 млрд теңгені қалтасына басатынын да бағдарлама ұжымы әшкереледі. 

Алайда ми дамуы тежелген деген диагноз қойылған некесіз баласына 30 мың теңге ғана көмек көрсетеді. Тіпті бағдарламаға бірауыз пікір де білдірмеген. Есесіне Қызылжар өңіріне барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жүр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар