Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Білімі:
1993 ж. – И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
1999ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын,Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Халықаралық қатынастар университеті» Мәскеу мемлекеттік институты, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы «Гили- Паскер» ЖШС-да мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.
1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы «Отрар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.
1996-2006 ж.ж – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.
2006 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры.
2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры.
2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
2016 жылғы 26 наурыздан - Атырау облысының әкімі, 2019 жылдың 17 маусымында осы қызметке қайта тағайындалды.
2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы Энергетика министрі.
2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы әкімі.