Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Норвегия Ресейден қорғану үшін шекарасына биік қоршау салады

13:18, 30 қыркүйек 2024 356

Норвегияның Әділет министрінің айтуынша, Ресей Федерациясымен шекарадағы қоршау заңсыз мигранттар үшін тосқауыл болып қана қоймай, шекара бойымен келе жатқан адамдарды бақылай алады, деп жазады Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

"Шекара қоршауы мигранттар үшін тосқауыл ретінде ғана емес, сонымен қатар шекараға жақын жерде жүрген адамдарды анықтау үшін сенсорлар мен технологияларымен қызықты. Бәлкім бүкіл шекара сызығы не оның бір бөлігі ғана осындай технологиялармен жабдықталады", – деп келтіреді Норвегияның NRK медиа компаниясы 
Норвегияның әділет министрі Эмилия Энгер Мельдің сөзін.

Энгер Мель NRK-ге қажет болған жағдайда Үкімет шекараны қысқа мерзімде жабуға дайын екенін айтты. 

"Біз бірнеше шараларды қарастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз, яғни шекараны қорғау және трафикті басқару үшін Сторскогтағы шекара өткелінің айналасындағы шаралар сынды мақсаттар бар", – деді ол.

2016 жылы Норвегия Сторског шекара пунктінде 200 метрлік шекара қоршауын салды. Кейінірек, 2022 жылдың 22 қыркүйегінде Украинадағы соғыс кезінде Норвегия Ресеймен 2007 жылы қол қойылған визалық келісімді тоқтатты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?