Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Норвегия, Ирландия және Испания елдері Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады

14:16, 22 мамыр 2024 537

Норвегия, Ирландия және Испания Палестина автономиясын тәуелсіз мемлекет ретінде тануға шешім қабылдады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Норвегия Премьер-Министрі Джонас гар Стере бұл шешімнің Палестина автономиясы мен Израиль арасында бейбітшілік орнатуға ықпал етеріне сенімді. 

"Соғыс қызған кезде, онда мыңдаған адам қаза тауып, жараланған кезде, біз израильдіктерге де, палестиналықтарға да қауіпсіз болатын, олардың қауіпсіз шаңырақ астында тұруын қамтамасыз ететін жалғыз нәрсені, бір-бірімен бейбіт өмір сүре алатын екі мемлекетті сақтауымыз керек", - деді Стере.

Норвегиядан кейін Ирландия мен Испания билігі Палестина автономиясын мойындады. 

Израиль билігі Норвегия мен Ирландиядан өз елшілерін шақырып жатқанын хабарлады. Дәл осындай шара Испания елшілігіне қатысты да қолданылуы мүмкін.

Израиль басшылығы бұл бастамаға қаршы шығып бағуда. Олар: 

"Бұл мемлекеттердің құйтырқы әрекеті 7 қазан қаза тапқан [ХАМАС содырлары Израильге шабуыл жасаған кезде] құрбандарды қорлаудың нақ сорақы көрінісі", — деді Израиль СІМ басшысы Израиль Катц.

Қазіргі уақытта Палестина автономиясын тәуелсіз мемлекет ретінде БҰҰ-ға мүше 193 елдің 143-і мойындайды, оның ішінде Қазақстан мен Ресей де бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар