Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Нұрсұлтан қылмыстары" акциясына қатысқан үш адам 15 тәулікке қамалды, он адамға айыппұл салынды

01:44, 07 шілде 2022 405
[ad_1]



Алматы соты 6 шілде "Нұрсұлтан қылмыстары" акциясы кезінде ұсталған тіркелмеген Демократиялық партия жақтастарын әкімшілік жазаға тартты.


Митингіге қатысқан үш адам Қазыбек Бердібеков, Сағидолла Мергембаев және Берік Хамидулин 15 күнге қамалды. Қалған он адам 30 бен 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл алды.


Бұл жөнінде Азаттыққа белсенді, "Демпартия" жетекшісі Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай хабарлады. Инга Иманбайдың өзіне сот 70 АЕК көлемінде айыппұл салған. Ол сот шешімімен келіспейтінін, апелляцияға беретінін айтты.


—Мен заң бұзған жоқпын. Тоқаевтың өзі "Жаңа Қазақстан" туралы, демократия мен саяси реформалар туралы айтады, бірақ Назарбаевтың мұрасы жалғасып жатыр. Бүгін Назарбаевтың қылмыстарын айқын көрсеткіміз келген. Ол 30 жыл ішінде тек оппозицияны ғана емес, Қазақстан экономикасын да құртты. Бізде ештеңе қалған жоқ, Назарбаев бәрін тонап бітті. Тоқаев оны қорғау үшін бізді соттауға дайын. Бүгінгі оқиға соны көрсетті, - деді Инга Иманбай.


6 шілдеде Алматыда оннан астам адам Абай ескерткіші маңында "Нұрсұлтан қылмыстары" акциясын өткізген. Жиналғандардың қолында "Жаңаөзен – 2011", "Қаңтар – 2022", "Қазақ тілі", "Сот, полиция, прокуратура", "Экономика", "Ғылым", "Білім", "Медицина", "Заманбек Нұрқаділов", "Алтынбек Сәрсенбайұлы", "Арон Атабек", " Дулат Ағаділ", "Жанболат Мамайға бостандық" деген жазуы бар плакаттар болды. Белсенділер мұның бәрі "Назарбаев қылмыстары" деп атап, экс-президентті сотқа тартуды талап етті. Бірнеше минуттан соң арнайы жасақ оларды күштеп ұстап әкетті.


Ұстау кезінде Инга Иманбай есінен танып қалған.


—Автозакта олар мені итерді, соның салдарынан белімді темір есікке ұрып алдым. Қанша уақыт өткенін білмеймін, бірақ бір уақыт тынысым тарылып, ауа жетпей қалды. Кейін сәл өз-өзіме келгендей болдым. Мені ауруханаға алып кетті. Дәрі-дәрмек жазып берді. Жарақаттар бар, денем ауырып тұр, – деді Иманбай ауруханадан шыққан соң.


Видео: "Назарбаевты құттықтау". Астана күні экс-президентті сотқа тартуды талап еткен белсенділер ұсталды (6 шілде 2022 жыл).


Жуырда "демпартия" экс-президенттің туған күні яғни, 6 шілдеде "Нұрсұлтан қылмыстары" атты митинг өткізетінін хабарлаған. Олар осылайша "диктатордың" туған күнін "атап өтпек" болған.


6 шілде Қазақстанда астана күні атап өтіледі. Бұл күн бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келеді.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар