Семей қаласында 8-сынып оқушысына зорлық көрсетті деген күдікпен бастапқы әскери дайындық пәнінің 32 жастағы мұғалімі ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мәліметке сәйкес, полицияға оқушының ата-анасынан арыз түскеннен кейін тергеу басталды.
Қазіргі уақытта мұғалім қамауға алынды. Оның тағдыры қылмыстық процесс аясында шешілетін болады.