Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өгей әкесі асырап алған алты баласына иттің етін жегізіп, аузына аттың ауыздығын байлап ұрған

16:45, 16 мамыр 2024 604

Шымкентте үш жылдың ішінде 6 баланы асырап алған ата-ана оларға иттің етін жегізіп, қорлаған, деп хабарлайды Alash.kz Time басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қамқоршылық органдары бала асырап алуға арналған құжаттарды дайындап бергенімен, балалардың жаңа ата-анасымен қалай өмір сүріп жатқанын бірде-бір рет тексермеген. Балалардың үлкені балалар үйіне хабарласып, көмек сұрағанға дейін қамқоршылық органы олардың қандай күйде болғанын білмеген. 

Асырап алған ұлын ер адам балалар үйіне хабарласқаны үшін аузына ат тізгінін салып, соққыға жыққан. Алайда бұл қоңырау арқылы бала өзін және аға-әпкелерін бақытсыздықтан құтқарған. 

Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева, полиция мен қалалық білім басқармасының қорғаншылық бөлімінің қызметкерлері Ұлықбек Сманов пен оның жұбайы Индираның үйіне барған соң жан түршігерлік деректер пайда болды. 

"Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" болып өзгертілген №3 балалар үйі директорының орынбасарына көмек белгісін үш жылдай бұрын Сманов алып кеткен шәкірттердің бірі жіберген.

Фото: Time.kz

Белгілі болғандай, осы жылдар бойы бұл отбасындағы балалар ұл емес, күң болған.

Балалар үйіне 2017 жылы 9 жасында келген Алеша есімді ұл балалар үйіне қайта оралғысы келетінін айтқан. Ол бұл өтінішті тәрбиешісіне бірнеше рет қайталаған. Себебі, қамқоршылық органың оның бұл өтінішін ұмытып кете ме деп алаңдаған. Сондай-ақ ол анасымен кездесуді армандайды екен.

"Әкем анамды ұрды, содан кейін олар ажырасып кетті. Біз әжеммен бірге тұрдық. Анамның ақшасы жоқ, аяғы мен қолы сынған. Мен мектепке барғанда анам екеуміз басқа адамның үйінде тұрдық, ол мені ешқашан ренжітпеген", - деп еске алады Алеша. 

Бала оқыған мектептің ұстаздары оны неліктен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, содан кейін балалар үйіне тапсырғаны және анасын ата-ана құқығынан айыруға нақты не себеп болғанын айтпады.

"Біз кезек-кезек кірдік. Ол бәріне қарап, өзіне кім сәйкес келетінін таңдады. Ол мені таңдайтынын айтты. Егер мен оның ұлы болуға келіссем, анамды табуға көмектесетінін, сөйлесіп, кездесіп тұратынымызды айтты. Ол мені алдады", - деп еске алады бала асырап алу сәті туралы. 

Алешаның айтуынша, ол  бірінші рет балалар үйінде қалған достарын шақырғаны үшін соққыға жығылған. Кейін әкесі де, шешесі де оны үнемі соққы жыққан. Бала малшы болған. Ол үш жыл бойы отбасының малын бағып, қорасын жинап, сабақ үстінде көзіліп алатын болған. Алайда сол кездегі Алексей оқитын №95 мектептің ұстаздары тынымсыз еңбектен қажыған баланың жағдайына немқұрайлы қараған. Оқушы бетіндегі көгерген іздер мен сызаттардың қайдан пайда болғанын сынып жетекшісіне айтқанымен, мұғалім дабыл қақпаған. Шамасы, мұндай мұғалімдер үшін ұрып-соғу қалыпты нәрсе болса керек. 

Үлкен ұлдарынан кейін Смановтар бір қыз, кейін егіз бала мен тағы екі ұлды асырап алған. Балаларды Алматы, Астана және Өскеменнен алып кеткен. Ең кішілері үш-төрт жаста. Балалардың құқықтарын қорғау міндеті жүктелген шенеуніктерді неліктен ерлі-зайыптыларға көп бала асырап алғаны, оларды қалай тәрбиелейтіні және олардың емдеуімен оңалтуымен қалай айналысатыны қызықтырмаған.

"Мен оларды аядым, олар кішкентай еді. Бізге тамақ берген кезде мен оларды да тамақтандырдым. Біз иттің етін жедік. Кейде мал өлген кезде бізге жеуге беретін. Бәріміз бір бөлмеде еденде жаттық. Суық болды, әрі қарнымыз аш болды. Тамақ жегіміз келетін. Түнде оятатын, сосын малдың соңынан кететінмін", - дейді үлкені інілері мен қарындасы туралы. - 

Алеша 16 жасқа толған туған күнін Шымкенттегі кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында, небәрі бес жастағы інісімен бірге қарсы алған. Жігіт әлі жеке куәлігін алған жоқ, өйткені ол асырап алған әкесі қойған есімін өзгертуі керек. 

Фото: Time.kz

Қазіргі таңда Алешаның қолындағы сызаттар жазылып, тыртықтары кете бастаған. Бала оқуға барып, спортпен айналысады. Боксқа баруды, әскери борышын өтеуді, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеуді армандайды. Оның інісі екеуімен психикалық оңалтуды бейімдеу орталығының психологы Арайлым Есжанова жүргізеді. Оның айтуынша, екі бала да ауыр психологиялық жарақатпен келген, қысым көріп, қорқып қалған. 

"Оларды бұл күйден шығару үшін көп уақыт қажет болды. Қазір олардың жағдайы әлдеқайда жақсы: олар тыныш ұйықтады, қорқыныш жойылды, жүздеріне күлкі оралды. Бірақ екеуіне де невропатолог, логопед және басқа мамандардан ем қажет", - дейді психолог.   

Ал ұстаз Фарида Қонысбаева балаларды алғаш көргенде таң қалдық дейді. 

"Қарау ауыр болды: арық, аш, қорқақ, басы мен денесінде сызаттар мен көгерген іздер бар. Екеуі де қатты суық тиіп, жөтеліп жүрді. Кішісі әрең сөйлеп, өз бетімен жүре алмай, тамақтандыру қиын болды. Ол қазірдің өзінде бес жаста, бірақ дамуы мен салмағы жағынан әлдеқайда артта қалған. Дегенмен епті жігіт, талпынысы бар, үйренгені көп. Ол біздің кенжеміз, сондықтан ол немереміз сияқты", - деді ұстаз. 

Белгілі болғандай, баланың Өскеменде әжесі бар екен. Ол немересін өзіне қайтаруды армандайды. Сәбидің әкесі болмаған. Бірақ Ұлықбек Сманов жетім қалған баланы Шымкентке апарып, өзіне қамқоршылыққа алған. Алайда, ол психо-сөйлеу дамуы кешігуі бар әлсіз сәбиді үлкен ағасына көмекші етіп тағайындап, мал бақтырған.

Фото: Time.kz

Шымкенттегі мамандандырылған балалар үйіне уақытша орналастырылған төрт кішкентай бүлдіршін үлкендері сияқты өз тағдырын күтіп отыр. Балалардың тағдырын қамқоршылық органдары шешеді. 

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, Смановқа қатысты тергеу аяқталды. Сот шешімімен бала асырап алу мен қамқоршылық жойылған бойда балалар әртүрлі қалалардағы балалар үйіне жіберіледі. Асырап алынған балалардың тағдырына немқұрайлы қарағаны үшін қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлеріне шара қолданылады деп үміттенеміз. Өйткені мұндай шенеуніктердің әрекетсіздігінен балаларды қорғау нөлге дейін төмендейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар