Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ойбай, қиын болмады ма?»: қазақ тілінде еркін сөйлеген француз көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

18:58, 26 тамыз 2024 679

Ғаламтор кеңістігінде қазақ тілінде еркін сөйлеген француз азаматының видеосы кең тарап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бейнежазбада Францияда 11 мың шақырымды көлікпен жүріп өткен қазақстандық туристердің кездейсоқ француз азаматымен жолығып, әңгімелескен сәті түсірілген.

Әңгіме барысында француз Қазақстаннан Еуропаға дейін осыншама жолды көлікпен жүріп өткен туристерден:

«Машинамен келдіңіздер ме? Ойбай, қиын болмады ма?» – деп сұрайды.

Қостанай қаласынан келген туристер «Қиын болды» деп жауап береді.

Француз өз кезегінде бұрын Қазақстанда 16 жыл бойы жұмыс істегенін айтып, жылы естеліктерімен бөліседі.

– Францияда тұрамын. Бұрын Қазақстанда жұмыс істедім. 16 жыл болдым. Петропавл мен Алматыда болдым. Қазір осында Франциядамыз. Жақсы сапар болсын, – дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар