Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Олар арамшөп: Қазақ қызы орыс ұлтын балағаттағаны үшін қамауға алынды

09:42, 18 шілде 2024 582

Алматы тұрғыны ресейліктерде балағаттап, арам шөпке теңегені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде тараған видеода бірнеше адамның тікелей эфирде отырғанын байқауға болады.

Эфир барысында Марал Жалелова есімді қолданушы орыстар туралы жағымсыз пікір білдірген. Ол “Орыстар Қазақстаннан кетсе, өмір сүру оңай болатынын” айтқан. 

"Мені отырғызғыларың келсе отырғыза беріңдер. Мен заңды бұзып жатқам жоқпын. Кетсе, өмір қаншалықты жеңілдейтіні белгілі. Мен үшін олар арамшөп. Менің ешнәрсем жоқ. Мен Гитлер жақсы десем, саған ұнай ма", – деді Марал Жалелова есімді қолданушы желіде тараған видеода.

 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазір алматылық тұрғынға қатысты тергеу жүріп жатыр.

“Әдепсіз сөздер айтып, ұлтты балағаттаған Алматы тұрғынының ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция депатаментінің өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар