Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Олар Каринаны өлтіреді": Карина Мамаштың әжесін дипломаттың туыстары қорқытқан

17:36, 04 маусым 2024 499

Дубайда дипломат күйеуінен зәбір көрген Карина Мамаш әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz сайты.

«Бүгін менің әжеме Гүлнар апа хабарласты. Ол Сәкенді 3 жасынан бастап тәрбиелеген ең үлкен келін. Ол әжеме кеш болмай тұрғанда Карина арызын қайтып алсын деген. Олай болмаған жағдайда Сәкеннің Астана мен Қазақстан бойынша таныстары бар. Олар Каринаны өлтіреді немесе мертіктіреді деп қорқытқан. Менің әжемнің аяғы жұмыс істемейді. Қазір оның туған немересімен болып жатқан соңғы жағдайлар оның жағдайына кері  әсер етті. Олар үнемі оған жаза береді. Алғашында кешірім сұраса, қазір қорқытып жатыр», - деп жазды Azattyq Rýhy Карина Мамаштың сөзін.

Еске салсақ, Карина Мамаштың өз күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылды. Елші кеңесшісінің үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар