Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Олар керісінше ажыратты: Қылмыскерлермен бірге келген екі әйел адам жазалана ма?

14:36, 15 қазан 2024 1105

Талғардағы қанды оқиғаға қатыстылардың саны 10-ға жетті. Бұл туралы бүгін марқұм Шерзаттың өліміне қатысты брифингте айтылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Марқұм 16 жастағы Шерзат Болаттың отбасы оқиға орнында болған екі әйелді қамауға алуды талап етті. Алайда ішкі істер министрлігі екі әйелдің ешқандай іске қатысы жоғын айтты. 

Шерзаттың отбасының айтуынша, ол екеуінің қолында да пышақ болған. Екі әйел Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты дүкеннен шығармай, ұстап тұрған. 

“Видеодан екі әйелдің біреуі ер адамдарды ажыратып, олардың бірін шетке алып кеткенін көруге болады. Сондай-ақ видеодан көргеніміздей, екі әйелдің тарапынан ешқандай белсенді әрекет болмады”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар