Биылғы өлең және өнер додасына еліміздің барлық өңірлерінен, желілік Абай мектептерінен, оның ішінде 12 облыс, 3 республикалық маңызы бар қалаларынан 20 жас ақын бақ сынады.
Әділ қазылар алқасының құрамында айтыскер ақын, “Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының” мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі- Талант Арғынғали, “Асылтас”қоғамдық қорының жетекшісі- Рауан Оқас, айтыскер ақын, “Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының” мүшесі, Б. Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты" төсбелгісінің және "Мерей" орденінің иегері- Жетебаев Айтуған Сабырұлы, айтыскер ақын, “Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының” мүшесі, “Жазушылар одағының” мүшесі “Мөлдір өлең”, “Сыйлық” жыр жинақтарының авторы- Мөлдір Айтбай, айтыскер ақын, “Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының” мүшесі, “Алатау”дәстүрлі өнер театрының қызметкері- Қару Нұрзат қазылық жасап, қатысушыларға әділ бағасын берді.
Қазылар алқасы айтысқа қатысушылардың өнерін бағалауда тақырыптың ашылуын, суырыпсалмалық қасиетін, өлеңнің көркемдігі мен ой айшықтығын, тіл нормасының сақталуы мен сахна мәдениетін ескерді. Қазылар алқасының шешімі бойынша суырыпсалма қасиетімен, ұшқыр ойымен оқ бойы оза шапқан айтыскер ақындар ақшалай жүлделермен, дипломдармен, алғыс хаттармен, арнайы жүлделермен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Айтыс қорытындысы:
1-орын(150000 теңге) — Сейтжанұлы Ерасыл(Абай атындағы РММИ)
2-орын(100000 теңге) — Зинулла Ақнұр(Алматы облысы), Болатхан Данияр(Абай атындағы РММИ)
3-орын(50000 теңге) – Берік Әсет(Астана қаласы), Абдуллаев Мұхаммедәли(Қызылорда облысы), Қуаныш Аян(Шымкент қаласы)
Арнайы жүлде (40000 теңге) — Нұршабеков Рауан (Алматы облысы), Нұрадин Арай (Ақтөбе облысы)
Ынталандыру (30000 теңге) —
Мисалбек Назар(Астана қаласы), Құлахмер Елсияр( Абай атындағы РММИ)
Сонымен қатар, барлық қатысушыларға 20000 теңге сыйақы мен Алғыс хаттар табысталды.