Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ХХ ғ. 20-30-жж. Доғалақов отбасының тәркіленуі

11:39, 10 желтоқсан 2023 219

1928 жылғы шыққан КазЦИК – тің декреті бойынша байларды тәркілеу науқанынына орай, Атырау облысы мемлекеттік архивінің қор құжаттарында республиканың өз ішіндегі көші-қон мәселесінде Гурьевтен Петропавлге, Ақмоладан Гурьевке жер аудару туралы қаулысы негізінде Ақмола округінен Гурьевке 15 бай-қуатты деген ﴾үй-ішімен 69 адам) жер аударылып келген. Солардың ішінде Доғалақовтардың отбасы да болды.




Әкесі Ысқақтың Гурьев (Атырау) қаласына қоныс аударуына орай, 1929-1933 жж. Гурьев қаласында әртүрлі шаруашылықтарда қара жұмысшы, тас қалаушы қызметтерін атқарған.

Еңбек жолын Эмбанефть кеңсесінде кадр бөлімінде нұсқаушы, техникалық жабдықтау бөлімінде табелші, Орал-Каспий судоремзауыты базасында табелші, есепшінің көмекшісі қызметтерін атқарған ол, 1937 жылы Гурьев қаласындағы театр студиясында оқып, оны бітірген соң Қазақ драма театрында әртіс болады.

Доғалақов Ысқақтың бар дүние – мүлкі конфескеге ілініп, өзі 1931 жылы 10 наурызда Атырауда қайтыс болған.



Доғалақов Құрманғали Ысқақұлы 1921-1928 жж. Ақмоладағы 7-жылдық қазақ мектебінде оқыған.

Доғалақ бір байдың малын 40 жыл бағып, содан байыған. Ақмолада екі қабатты үйі болған, бір көшеде түгелдей толған солардың ет лавкалары болған. Осы әңгімені айтып отырған Анета апай 1978 жылы Ақмолада ол екі қатарлы үйінің орны болған ескі базар көк үй «Спортлото» орналасқан екен, қазір орны сақталмаған.

Сол үйге кезінде Сәкен Сейфуллин жертөлесінде Кеңестер билігінен қашып тығылған. Бұл туралы С. Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» романында жазған, «Мені - сол еңбегінде Доғалақ байдың ұлы Ысқақтың үйінде тығылып, ол мені аман алып қалды» деген.

Ысқақтың баласы Жүсіп, Бәтима Мұқанбет. Жүсіп қашан қайтыс болғанын білмейді. Ғазиза деген әйелі, Сағила деген жалғыз қызы болған, ол қайтыс болған.

Мұханбет-Шәріп деген ұлы, Зина деген қызы Самарқандта, Шымкентте тұрған, әйелі – Қасия, Қасияның анасы Сәкен Сейфуллиннің қарындасы болған. Мысықбай байдың қызы екен. Ақмола облысы, Нілді ауданында тұрған.

Мұханбетқали деген ұлының әйелі орыс ұлтынан, екі рет үйленген, екінші әйелі де орыс ұлтының қызы болыпты, есімі Ольга сияқты деді. Оның әйелі Павлодар немесе Қарағандыға көшіп кеткен. Олардың ұлы Доғалақов Александр Ресейде Москва маңындағы «Болошовка» селосында тұрады, өзі 1958 жылы туған. Женя деген тағы бір баласы болған болуы керек. Ал, әйелі Ольга Теміртауда тұрғанда бір мектептің атына есімін берген, Социалистік Еңбек ері деген атағы болған.

Доғалақов Құрманғали - Ахметова Анна (Алма), олардың 4 баласы болған. Соғыс алдында үйленіп, келіншегін үйіне кіргізіп кеткен, содан Роза деген қыз бала дүниеге келген. Руслан - 49 жасында қайтыс болған, соңында ешкім қалмаған. Гүлшахра – ешкім жоқ. Нұрлан 1954 жылы туған, №12 мектепте оқыған, Атырауда М. Өтемісов атындағы драма театрында оператор-музыкант боп жұмыс істеген. Нұрланның жолдасы Анетта Баетова 1953 жылы туған. Орал қаласының тумасы, Орал қаласындағы М. Горький атындағы мектепті 1959 жылы бітіріп, Алматыға оқуға барған, бір жыл түсе алмай, келер жылы студияға оқуға түскен. 1974 жылы студияны бітіріп, 1976 жылы тұрмысқа шығады. Екі балалары бар, ұлы - Аймәди және қызы - Шынар.

Анетта апайдың айтуы бойынша, аталарын тәркілеген кезде 10 құндыз ішікті тәркіледі деп айтып отырған, ал, өзі 1978-1979 жылдары кенгуру терісіне тігілген ішіктің сақталып қалғанын көзбен көргенін есіне алады . Бұл жағдай Доғалақовтардың қаншалықты ауқатты болғанын көрсетсе, санымен қатар репрессивті аппараттың солақай саясатын айқындайды.

Бәтима деген апаларына Қаныш Сатпаев құда түскен екен, атасы оларды теңі емес( кедей) деп қызын бермей қояды. Содан өздері қатарлы бай-шонжар Әбілғазы Мәкенге күйеуге берген, ол да конфискацияға ілініп Москвада Бутыркада қызылдардың қолынан қайтыс болған. Ол кісінің Ермек, Мәкен деген балалары болған, Одесса қаласында тұрған. Макен атында қала бар. (Бұның бәрін Зина деген Самарқандтағы апасының айтуы бойнша біледі). Әжелері күнде бір ірі қала мал соятын, тарантаспен отырып қыдыратын еді деп өздерінің әлеуметтік дәрежелерінен ақпарат берген.

Мұханбет-Жүсіп Ғазиза деген әйелі Ақмолаға көшіп кеткен, Сақыш деген апалары болған. Мұханбет-Шәріп – ревизор, есепші болып жұмыс істеген, бір ірі мекеменің есеп-қисабынан қателер тауып, қылмыстарды көрсеткен мықты маман болған, содан Самарқандтқа көшіп кеткен екен, сол жақта біреулер қызмет жағдайына байланысты өлтіріп кеткен. Әйелі Қасия Жамбыл жақтың тумасы екен, Мадина,Марат деген балалары Атырауда №12 мектепте оқыған. Қайтыс болған. Солардан кәзір көзі тірісі Зина деген апай, оның соңғы тұрған жері - Самарқанд қаласы. Фамилиясы Доғалақова ма, Шарипова ма білмедім анығын деп естелік айтады Анета апай.

Анета апайдың атасынан кейінгі Ысқақтың Әмірғали деген ұлы болған, ол үйленбеген, драма театрында суретші боп жұмыс істеген, ертеректе қайтыс болған.

Доғалақов Ысқақ большевиктер патиясына үлкен қиыншылықпен өткен, театрда ылғи аристократтардың рөлінде ойнаған. Соғысқа бармаған, бірақ Тайгада танковый войскада қызмет етіп, әскери борышын өтегені туралы отбасына командирден хат келген. Әйелі Торғайдың қызы болған, ол кісінің тұқымдары да сол зұлмат жылдары аштықтан қайтыс болған.

Ұлы Отан соғысы басталғанда 1941 жылы соғысқа аттанып, №144 танк бригадасында механик – жүргізуші болады.

1945 жылы қан майданнан аман-есен оралып, Гурьев (Атырау) қаласындағы Қазақ драма театрында еңбек жолын жалғастырады.

Доғалақов Құрманғали Атырау драма театрының ірге тасын қаласқан әртістердің бірі. Театрдың қаз басып қалыптасуына, оның өсіп-өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған актер.

Құрманғали аға М.Әуезовтің «Абайында» - Оразәліні, «Айман-Шолпанда» - Жарасты, «Еңлік-Кебекте» - Көбейді, «Қаракөзде» - Наршаны, «Түнгі сарында» - Тәнекені, Ғ.Мүсіреповтің «Амангелдісінде» - Міржақыпты, «Қыз Жібекте» - Сансызбайды, «Ақан сері - Ақтоқтыда» - Жалмұхан мен Сердалыны, «Қозы көрпеш – Баян сұлуда» - Жантықты, Р. Гамзатовтың «Тау қызында» - Саманды, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Сабанқұлды, Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғынында – Қожақ батырды, В.Шиллердің «Коварство и любовында » - Вурымды, В.Гогольдің «Ревизорында» - Ляпкин-Тяпкинді тамаша сомдаған сахна шебері.

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік ерлігі үшін көптеген медальдармен марапатталған. 1981 жылы өмірден өтеді.

Сахна - Құрманғали аға Доғалақовты елге танытты, көрермен құрметіне бөлентті. Құрманғали аға сахнадан, өнерден өзінің сыңарын тауып, Қазақ КСР еңбегі сіңген әртісі Алма Ахметовамен тағдырын қосып, жанұя болып, өмірге ұрпақтарын әкелген. Өмірі мен өнерінің жалғасы болған ұлы – Нұрлан (марқұм болған) мен келіні – Анета Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында жемісті еңбек еткен.

Қазақтарды елдің өз ішінде батысты солтүстікке араластырып қоныстандырған өкіметтің саясаты дәстүрлі аймақтық, жергілікті ерекшеліктерді бұзды. Бұл науқанға іліккен Доғалақовтардың әулеті де аласапыран дүниені бастан кешіруіне тура келді.

Таңатарова Ж.Т.

Тарих ғылымдарының кандидаты,

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау

мемлекеттік университетінің профессоры

 

 

 

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?