Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өлім себебі - отбасыдағы тәрбие". Қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімнің себебін елдің өзіне ысырды

12:42, 18 қыркүйек 2024 514

Қорғаныс министрлігі Қазақстан армиясындағы өзіне қол жұмсаудың жиі кездесетін себептерінің бірін "атады". Министлік өкілдерінің сөзіне сенсек, әскердегі өлімнің дені - тұқым қуалайтын бейімділіктен. Олар әскерге шақырылған жастардыі отбасына барлығын сілтеп, әртүрлі тәрбиемен әскерге келетінін айтты деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы 

Бұған қатысты ақпаратты Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

БАҚ өкілдері министрлік өкілдерінен соңғы 5 жылдағы Қазақстан қарулы күштеріндегі өлім-жітімдердің нақты саны мен себептерін көрсетуді сұраған. 

"Бірақ қандай да бір себептермен министрлік тікелей сұраққа жауап берудің орнына ұзақ мәтін жазып жіберген. Негізінен олар өлім-жітім деңгейін қалай сәтті төмендетіп жатқаны туралы ақпарат берген. Әдеттегідей пікір білдірді", – делінген арна хабарламасында.

Министрліктің жауабында кейінгі үш жылдағы орны толмас шығындардың статистикасын алсақ, жалпы алғанда 19%, соның ішінде қауіпсіздік шараларын бұзу нәтижесінде 43%, жол-көлік оқиғалары 27% және сырқаттану 24% көлемінде төмендеу динамикасын көруге болатыны туралы айтылды.

"Суицидке келсек, суицидтік жағдайды тудыруға тікелей немесе жанама ықпал ететін бірқатар объективті және субъективті себептер бар. Әскери қызметте өз-өзіне қол жұмсаудың ең көп тараған себептері – отбасылық мәселелер және тұқым қуалайтын бейімділік. Әскери қызметтің өзіндік ерекшеліктері физикалық және психоэмоционалды стрестің жоғарылауымен және жиі күйзеліс жағдайларымен байланысты. Әскери қызметкерлерде психологиялық шаршау жинақталып, бұл суицидпен аяқталатын тұрақты депрессиялық күйге әкелуі мүмкін", – делінген ведомство хабарламасында.

Министрліктің сөзінше, командирлер, тәрбиешілер, психологтар жүргізіп жатқан жұмыстарға қарамастан, әскерге шақырылғандар өз мәселелерін жасырып, адам сенгісіз әрекеттерге барады.

Қазақстанның қарулы күштеріндегі суицидтік жағдайды басқа елдермен салыстырғанда төмен екені байқалады.

Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда әскерге шақырылғандар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің жалпы саны 66% (3-тен 1 жағдайға) қысқарды.

"Айта кету керек, өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің көбі әскери қызметке байланысты емес. Сонымен қатар басқа санаттағы әскери қызметкерлерге қарағанда, сарбаздардың өзіне қол жұмсауы айтарлықтай азырақ. Біз өз кезегімізде Қарулы күштердегі әр өлім үшін жауапкершіліктен босамаймыз және оның отбасы мен достары үшін, оның ішінде командирлер үшін және жалпы армия үшін қандай шығын екенін анық түсінеміз. Өкінішке қарай, әскерге шақырылған әріптестеріне де қол сұғу фактілері бар. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, кейінгі үш жылда әлімжеттікке негізделген қылмыстар саны 28% азайғанӘскерге шақырылған жастар отбасында, мектептен, достарының ортасында алған әртүрлі тәрбиемен келетінін ұмытпаған жөн", – деп түсіндірді қорғаныс министрлігі.

Бүгінде мұндай бұзушылықтар жеке жанжалдарға (бір шақырылымдағы екі әскери қызметкер арасындағы) негізделеді және ауыр зардаптарсыз, болмашы себептермен болады. Бұл фактілердің барлығына бөлімшелердің қолбасшылығы мен әскери құқық қорғау органдары дер кезінде жауап алып жатыр. Барлық бөлімшелерде тұрақты жауапты офицерлер мен сержанттар, психологтар, әскери полиция өкілдері жұмыс істейді, күнделікті физикалық тексерулер жүргізіледі, тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі.

"Біз барлық оқиғаны мұқият тексеріп, қатаң тәртіптік және кадрлық шешімдер қабылдаймыз. Оның ішінде әскери басқару органдарының бірінші басшыларына қатысты шешіфмдер болады. Аурулардың алдын алу мақсатында әскери қызметкерлер жыл сайын тереңдетілген медициналық тексеруден өтіп, ауруға шалдыққандар әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияға жіберіледі", – деп пікір білдірді министрлік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар