Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Олимпиада - әкеңнің төрі емес, жеңісті жұлып алу керек". Чемпион Бақыт Сәрсекбаев боксшыларға ескерту жасады

18:01, 03 тамыз 2024 1190
XXIX жазғы Бейжің олимпиадалық ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж олимпиадасына қатысып жатқан қазақ былғары қолғап шеберлерін ескерту жасап, намысын жонды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
 
Бейжің олимпиадасының чемпионы өз парақшасында Олимпиаданың әке төрі емес, ешкім басыңнан сипамайтынын айтып, намысты қолдан бермеу қажет екендігін түсіндірді:
 
Ағайын, мына бір нәрсені түсінуміз керек та. Олимпиада ол әкеңнің төрі емес, ешкім басыңнан сипамайды. Ол соғыс деп қарап, соғысқа дайындалғандай дайындалып, тас түйін болып соғысу керек. 4 жылда бір келетін, тек мыңнан бір спортшының өмірінде кездесетін додаға әркім де аламын деп келеді. Бұл жерде равный бой көрсеттің бе, демек шанс жоқ. Тек қана айқын басымдылық, тек қана бір емес, екі бас жоғары болып жұлып алуға болады.

Нұрбек, ендігі үміт сенде! Бүкіл қазақ тілеуіңді тілеп отыр! Бокстың түсіп бара жатқан абыройын көтеріп, бәрімізді бір серпілтіп тасташы! - деді спорт саңлағы.
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар