Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өмір бойына сотталған павлодарлық ер адам сот залында сұмдық іске барды

08:58, 16 шілде 2024 606

Өмір бойына сотталған ер адам сот залында қолын кесіп тастады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Жеті жастағы Милана Давыдова есімді бүлдіршінді өлтіргені үшін сотталған ер адамға үкім шықты.

Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. 

"Бүгін сот залында сот үкімі шыққан кезде 7 жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған сотталушы сол қолының білегін кесіп тастады. Айыпталушыны дәрігерлер тексерді, медициналық көмек пен ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", – делінген хабарламада. 

"Қоңырау сағат 18:35-те түсті, себеп – өз-өзіне қол жұмсау әрекеті. Шақыртуға жету 10 минутқа созылды. Зардап шегуші 1971 жылы туған ер адам. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар