Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өнердің өз өкіліне берілген лайықты атақ»: Бекжан Тұрыс Алматы облысының Құрметті азаматы атанды

16:14, 30 тамыз 2024 1387

Белгілі актер, сахна серкесі Бекжан Тұрыс Алматы облысының Құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл жайлы желіде журналист Айгүл Болатханқызы жазды:

Сүйінші деген қазақтың әдемі сөзі бар еді. Бірақ… Қазақтың ішінен қазақ іздеп лағып кеткелі қай заман! Өзімді айтам. Сүйіншіні де саудаға айналдырып “дашь на дашь” деген түсінікке тіреп тастады ма, итім білсін…

Қарапайым қазақты жақсы көрем. Ал қарабайыр адам ұнамайды! Осы екеуінің жігін ажыратып тұрып санама шегелеп берген апам бар ғой менің! Әулие апам! Ал бұл - ағам! Дүниедегі ең мейірімді Бақытжан ағамды жоғалтып алған соң тапқан Жан-ағам! Сүйінші сұрамай қисайып жатыр! Мейлі!
 
…Шындап келгенде санасы сансырап, тапқанын бала-шағасының қалам-дәптеріне жеткізе алмай жүрген қазаққа қазір біреудің жер ортасынан ауғанда қаңғып қалғаны да, біреудің арзан сөзбен атын шығарып жатқаны да, қала берді біреудің пәлен жасқа кеп шабылып жасап жатқан мерейтойы да керек емес. Өз мұңы өзінде. Бірақ! Бірақ ауылынан алыстап шығып, әке-шешенің, ағайын-туғанның ғана емес, ай мен күндей елге ортақ боп кеткен адамдарының, онда да елден ажырамай, жұрттан бөлектенбей көптің тілеуін тілеп, халықтың сөзін сөйлей алатын жанның қуанышына неге ортақ бола алмасын?

Апам “Құрмет” орденін алғанға дейін иті де, биті де әлдеқашан “құрметті” болып қойған еді. Тіпті ондай лайықсыз “бит-сіркенің” аты-жөні де естен шығып қалады. Ал апамның марапатына қуанбаған қазақ аз болған. Мынау да сол секілді! Мен қуандым. Лайықты адамның құрметтелгеніне! Бұл жай ғана иыққа асырып іле салған көк шүберек емес. Жауапкершілік! Облыстың “Құрметті азаматы” дегеннің зіл-батпан жауапкершілігі болатынын ұға алатын адамға берілгеніне қуандым! Солай!

Құтты болсын, Турыс Бекжан! Жалбаңдамайтынымды білесіз… Бірақ жақсылықты орнымен шашырата алатын ҚАЗАҚПЫЗ! Өнердің өз өкіліне берілген лайықты атақ құтты болсын, ағайын! - деп сүйіншіледі ол. 
 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар