Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орал түрмесінде ірі төбелестен кейін бір тұтқын ауруханаға түсті

03:00, 14 мамыр 2022 311
[ad_1]



Орал қаласында жалпы режимдегі колонияда төбелес болып, бір тұтқын аурухана түсті. Полиция оқиғаны "қасақана түрде денсаулыққа зиян келтіру" бабы бойынша тергей бастады. Бұл жөнінде "Мой город" сайты жазды.


Басылымның жазуынша, оқиға 10 мамырда РУ-170/2 жалпы режимдегі колониясында (қауіпсіздігі орташа мекемеде) болған. "Мой город" сайтының жазуынша, тұтқындар төбелес кезінде пышақ, қайрақ қолданған. Түрме қызметкерлері қосымша күш шақыруға мәжбүр болған.


Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдерінің хабарлауынша, "кезекшілер тобы жағдайды 10 минут ішінде бақылауға алған". Ведомствоның мәліметінше, төбелеске қатысқандар "металл ілгіш элементтерін" пайдаланған, ал пышақ, қайрақ табылмаған. Департамент өкілдері сотталушылардан шағым түспегенін, қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.


Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, төбелес кезінде он адам зардап шеккен. Жетеуіне медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға әкетілген. Басқарма мәліметінше, колонияға бес жедел жәрдем бригадасы барған. Төменгі жақ сүйегі сынған 37 жастағы ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.


Адам құқығын қорғау бюросының Батыс Қазақстан облысындағы бөлімше жетекшісі Павел Кочетков Азаттыққа тұтқындар немесе олардың туыстарынан шағым түспегенін айтты. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұтқындар өзара "дауласып", ізінше "бұзақылыққа барған". Алайда құқық қорғаушы нақты жағдайда мекеме қызметкерлерінің заң бұзғаны айдан-анық дейді.


"Олардың міндеті – түрмедегі жағдайды бақылап, кез келген кикілжіңнің алдын алу еді. Әрбір тұтқынның өміріне қауіп төнбеуі тиіс. Ірі төбелес болған, қаншама адам зардап шекті. Мұндай нәрсе бір мезетте туындамайды – наразы көңіл-күй біртіндеп ұлғайған" деді Кочетков.


Оның айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері оған телефонмен бір тұтқын "басқалардан қаттырақ зардап шеккенін", ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған.


Құқық қорғаушылар мен белсенділер Қазақстан түрмелерінде адам өлімі жиі кездесетінін және оған мемлекеттік құрылымдар немесе "еріктілердің" (түрме әкімшілігіне "көмектесетін" тұтқындар) қатысы сирек емес екенін айтады.







[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар