Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өресіздер, өңшең!". Ұлт батыры Бауыржан Момышұлының тұлғасын "әжуалаған" топ көпшіліктің сынына ұшырады

10:45, 22 маусым 2024 2959
Телешоуда ұлт батыры Бауыржан Момышұлының бейнесін сипаттап, экран арқылы көрсеткен телеарна мен бағдарлама қатысушылары көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды, Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Журналист Оңғар Қабден бағдарламаның сипатына қатысты сын айтып, қатышушылардың жауап беруін талап етті:
Бүгін Момышұлымен ойнағандар ертең Қабанбай мен Бөгенбайларды мазақ қылмасына кім кепіл? "Еларна" Бауыржан Момышұлының бассыз денесін экранда әжуаласақ рейтингіміз өседі деп ойлады ма? Фотодағы әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан. Бағдарламаға қатысқан депутат Дәулет Мұқаев та жауап берсін!
Журналист, қаламгер Айгүл Болатханқызы да бұл жағдайға қатысты өткір пікір білдірді. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың қатты ренжігенін хабарлады: 
Бүгін - жұма. Ең болмаса, осы күні аруақты мазаламағаны дұрыс еді. Бұл күні өз басым өзіме есеп беріп қағынып артық кеткен жерім болса, құдайдан кешірім сұрап, барыма шүкір етіп, өмірден өткендерді еске алып, өзіммен өзім бір сәт дамыл тауып тыныштықта қалам. Кенжекей деген замандасым хабарласып көңіл күйім түсті де қалды. Басқа нәрсе ойлап таппадыңдар ма, еу, данышпандар? Анау депутатқа не жоқ? Өз әкеңнің суретінің басын жұлып, бетін ой да білгеніңді істе, мархабат! Ал мынау… Қабатовтың әйелі, ең болмаса: “Мынау болмайды, ұят болады”, - деуге өресі жетпепті. “Ата, кешіріңізші десейші”, - деп біреуі кекеп отыр. Қазақтың дәм-тұзы мен аруағының атпай қалған кезі жоқ. Бұл бар қазаққа ортақ қара шаңырақтағы сурет, келгендердің бәрі: “Атаның қасында суретке түсейікші”, - деп, апам да: Ана бөлмеге кіріп, атаның қасына суретке түсіңдер”, - деп үйдің ерекше бір қасиетті орнына айналдырғандай сурет еді. …“Аққан судың жағасында көп отырсаң, дұшпаныңның өлігі көрінеді” (жапон нақылы). Соған сенем… және күтем… - деді автор.
 
Оқырмандар да бағдарламаның мұндай форматы мен сипатын, батыр тұлғаларды танытудың "төте жолын", " ұлт мақтанышының басын ойып тастауды" қолдамайтынын ашық айтып жатыр:
"Неткен топастық. Мынау әйелдің миы істемей қалған ба?", "ТВ-ның сиқы, журналистердің өресі, міне, осындай біздің,ағайын. Мына Мұқанова да тайраңдаған қалпы осы ТВ-да жүреді.Бұл не демекші мына қазаққа? Мынадай керенаулыққа қалай тоқтау салуға болады,бауырлар? Сөзім жоқ айтарға", "Қазақ телеарналарында тек қана беттері жылтыраған, ой-санадан, білімнен мақұрым тәлпіштер толып кетті. Ойыншық болмаған зат қалмады", "Жоба басшылары кінәлі бәріне. Аю, қасқыр, кино, мультик кейіпкерлерін қой. Ал, адам, адам болғанда да ұлт мақтанышының басын ойып тастау енді... Ақымақтақ!", "Осы Қабатовтар елді ала тайдай бүлдіріп болды -ау! Оңбаған, әруақ атқырлар!", "Бізде қазір тексіз қазақтардың кесірінен тарихтағы түлғалврды мазақ қылу, келеке ету, сынау-мінеу етек алып барады. Құдай-әруақтан қорықпайды бұлар". "Өресіздер, өңшең!", - деп жазды оқырмандар. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар