Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өл, өлтір”: Түркістанда екі баласын қылқындырып өлтірген келіншекке үкім шықты

13:02, 21 маусым 2024 731

Түркістанда 2 және 4 жастағы балаларын тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға сотталды. Бұл туралы Alash.kz сайты Stan.kz ке сілтейді. 31 жастағы Бота Хамитқызы сот барысында өз кінәсін мойындаған. Жарыссөз кезінде жазасын жеңілдетуді сұрапты.

“Іс бойынша сотталушының жеңілдететін мән-жайлары оның бұрын сотты болмағанын сот ескерді. Одан бөлек іс бойынша қылмыстық іс-әрекетін ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқпыз” дейді прокурор Айгүл Бекмырзаева.

 

Бастауыш сынып мұғалімінің қылмысқа бару мотиві күйеуімен болған жанжал дейді судья. 15 күн басқа қалада жұмыс істеп, 15 күн демалатын Хамитқызының жолдасы үйіне мүлде келмегесін арада жанжал туған екен. Хабарламадағы бұл сөздер қылмыстық істе тіркелген. Осылай деген Дәурен Мадалиев сотталушы қылмысты алдын ала жоспарлап жасағанын айтады.

“Бота Хамитқызы қылмысты алдын ала жоспарлап жасаған. Алдымен 4 жасар қызын, сосын 2 жасар ұлын тұншықтырып өлтірген келіншек соңында бастапқы сөзінен айнып кетті. Есінде ештеңе қалмағанын айтып, жауапқа селқос қараған әйел соты алқабилер қатысуымен өтті. Және олар жаза мерзімінің 15 жыл болуына дауыс берді” – дейді Түркістан облыстық қылмыстық істеп жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев. 

Бота Хамитқызының адвокаты сотталушының психикалық ауытқуы барына сенімді. Қазақшалап айтқанда “ішіне жын кірген” деген заңгер мұғалімнің берген жауаптары сәт сайын құбылып отырғанын айтады. Және бұған дейін бір айға үйінен шығып кететін кездері де болған екен.

“Өз жауабында қорғауымдағы азамат құлағына біреулердің “өл, өлтір” деп сыбырлағанын айтты. Және көзіне үнемі елес көрінетінін жеткізді. Балалары да құбыжық болып елестеген дейді. Біз үкіммен келіспейміз. Апелляцияға береміз” –дейді Айнагүл Рүстемова.

Соттағы психикалық сараптама 31 жастағы келіншектің ақыл-есі дұрыс деген шешімге келген. Және қылмысты жасаған уақытында да ешқандай аффект жағдайында болмапты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар