Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Отбасыдағы қайғыны өз мүдделеріңізге пайдалануды доғарыңыздар!”: Шерзат Болат ісінің адвокаттары блогерлерге үндеу жасады

16:43, 11 қараша 2024 3242

Талғардағы қанды оқиғада қаза тапқан Шерзат Болат отбасының адвокаттары халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ол бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жазды. Сакура Тәуекелова Шерзаттың атың пайдаланып, сот барысына кедергі келтіріп жатқан блогерлерге сын айтты.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде блогерлер өз мүдделерін көздеп, Шерзаттың өліміне қатысты істі ашық түрде сотта қарауды талап етіп, жоғарғы билік органдарына ашық мәлімдемелермен жүгінуде.

Біз бұл жағдайды түсіндіргіміз келеді: адвокаттар мен жәбірленушілердің өкілдері сот процесінің ашық өтуін бастан-ақ қолдап, оны сұрауға ниет білдірген болатын.

Прокуратура да бұл ұстанымды қолдайды, ал арнайы прокурорлар тарапынан жүргізіліп жатқан тергеу толық көлемде жалғасуда. Үйді өрттеуге қатысты тергеу де барынша қарқынды жүріп жатыр.

Қоғамдық үндеулер мен жалған ақпарат тарату тергеуге кедергі келтіріп қана қоймай, орны толмас қайғыға тап болған отбасыға қосымша ауыртпалық әкеледі. Біз блогерлерден отбасының шекарасын құрметтеуді және тергеу органдарына өз жұмысын кәсіби әрі объективті аяқтауға мүмкіндік беруді сұраймыз.

Сонымен қатар, блогерлер мен қоғам назарын аударғымыз келеді: бұл іс бойынша жәбірленуші ретінде Шерзаттың ата-анасы мен ағасы танылған. Қалған туыстары қылмыстық іс материалдарына қол жеткізе алмайды, сондықтан олардың айтқандары – тек субъективті пікірлер.

Құрмет, жауапкершілік және қолдау – қазір Шерзаттың отбасына шынайы қажет нәрселер.

Соңында айта кетейік, тұрғын үй мәселесі бойынша қаржылай қолдау көрсету мәселесі шешілуде, Шерзаттың отбасына психологиялық көмек берілді, балаларға қажетті заттар алуға көмектесілді.

Отбасының қайғысын пайдаланып, алып-қашпа сөздер таратуды доғарыңыздар! Қазақстандықтардың қолдауына ризамыз, бірақ тергеудің дұрыс жолдан ауытқыды деп есептеуге еш негіз жоқ!”,- деп жазды ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар