Фариза Ескермес жақында ғана елімізде жарыққа шыққан “Нурикамал” фильмінде басты рөлді сомдаған актриса ретінде қазақ ерлері мен әйелдері туралы әңгіме қозғады, деп жазады Alash.KZ сайты aitarym.kop парақшасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, “қазақ ер азаматтарына өзін күте білетін, өзіне уақыт бөлетін әйел адам ұнамайды екен”.
Себебі фильмді көрген көрермендердің эмоциялары, әсіресе ер азаматтардың айтқан пікірлері оны ойландырған.
“Қоғамда тек барлығына көз жұма қарап, көндіккен әйел ғана мықты болып саналады”, – деп болжамдайды актриса.