Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Париж олимпиадасына лицензия жоқтың қасы» – Ардақ Назаров

11:53, 01 ақпан 2024 315
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров спорт медицинасына мамандарды даярлау мәселесін сынға алды, деп жазды Alash.kz.
«Спорт медицинасы бізде қалай дамып жатыр? Мамандары қайда және олардың деңгейлері қандай? 2008 жылы Бейжіңде Олимпиада өтті. Оған Қанат Ислам деген батырымыз қатысты. Ол сонда «біздің ішетін суымызға дейін дәрумендерден болды» дейді. Қытай 2008 жылы Бейжің олимпиадасын өткізу үшін 2000 жылы өздерінің мамандарын Америкаға жіберіп, спорт медицинасына оқытты. Олар 5-6 жыл бұрын іске кірісті. Қытайдың олимпиададағы нәтижесін білеміз. Париж олимпиадасына санаулы айлар қалды. Лицензиямыз жоқтың қасы. Өте мүшкіл жағдайда. Кешегі Азиада ойындары анандай болды. Қазір спорт медицинасына қажетті мамандарды Америкаға жіберіп оқытып алса, жақсы нәтиже болар еді», - деді Назаров.

Депутат мәселені дамытып қолға алу керек екенін айтып, АҚШ-та бір спортшының қасында 10 маман жүретінін тілге тиек етті.  Депутаттың сұрағына Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев былай жауап берді.
«Қазір бізде спорт медицина мамандарын даярлау бойынша тізімге енгізілді. Асфендияров пен Астана медициналық университетінде ондай мамандарды оқытамыз. Қазіргі уақытта республикада бір ғана медицина орталығы бар. Заң аясында оған ұлттық статусын бергелі жатырмыз. Шетелде олардың біліктілігін арттыру бойынша ұсынысыңызды қарастырамыз», - деді Жарасбаев.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар