Павлодар облысында 12 жастағы оқушы босанды. Директор жұмыстан босатылды
17:57, 23 шілде 2024
765
сурет: ашық дереккөз
Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде ауыл мектебінде оқитын 12 жастағы қыз босанды. Өңірдің білім беру басқармасы жағдайды растады. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Әуелі қыздың жүкті екенін білім беру басқармасы анықтаған. Оқушы 16 тамызда 13 жасқа толады. Қыз Павлодар облыстық перинаталдық орталығында босанған.
"Мектеп директоры жұмыстан кету туралы арыз жазуына байланысты қызметінен босатылды. Білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді", – деп жазылған жауапта.
Ал бұл факті бойынша тергеу тағайындалып, оның қорытындысы әлі шығарылмағаны хабарланды.