Павлодар облысында әпкесі мен інісін зорлады деген сезікпен екі адам ұсталды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.
Павлодар облысының Білім басқармасы аймақта болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
Колледжде оқитын кәмелетке толмаған студент қыз зорланған. Полиция істі тергеген кезде оның мектепте оқитын інісінің де зорлық көргенін анықтаған, – делінген хабарламада.
Қазір кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның анық-қанығы әзірге белгісіз, ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.